Қазақстанда тағы бір мемлекеттік мереке мен демалыс пайда болуы мүмкін

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Қазақстанда тағы бір мемлекеттік мереке мен демалыс пайда болуы мүмкін/Фото: open.almaty.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 маусым – «Балаларды қорғау күні» мемлекеттік мерекеге айналуы мүмкін екенін хабарлады.

Министрлік депуттардың сауалына берген жауабында «Халықаралық балаларды қорғау күнінде» көптеген елдерде балалардың өмірін жақсартуға бағытталған қайырымдылық акциялары өткізіліп, балалардың құқықтарын қамтамасыз ету тақырыбындағы маңызды және өзекті мәселелер талқыланатынын атап өткен. Ал балалардың өздері 1 маусымды демалыстың басталуымен, демалу, көңіл көтеру, қызықты істермен айналысу мүмкіндігімен байланыстырылады.

«Жоғарыда айтылғандардың негізінде, сонымен қатар елімізде отбасы институты мен отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында «Балаларды қорғау күнін» 1 маусым күні мемлекеттік мереке ретінде белгілеуді мүмкін деп санаймыз», – делінген министрлік хабарламасында.

Елде оннан астам мемлекеттік мереке бар. Мемлекеттік мерекелерде демалыс жарияланады.

Бұған дейін, балаларды қорғау күнінің тарихы, дәстүрі және құқықтық негізі туралы жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз