Қайтарылған активтер есебінен Жамбылда дәрігерлік амбулатория салынды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото:Жамбыл облысы әкімдігі

Қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында ауыз сумен қамтамасыз ету нысаны және дәрігерлік амбулатория салынды. Бұл жайлы облыс әкімдігінен хабарлайды.

Жаңа медициналық нысан Қордай ауданы Үлкен-Сұлутөр ауылында бой көтерді.

 «Прокуратура органдары тарапынан заңсыз шығарылған активтерді қайтару бағытында жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстар аясында біздің өңірде әлеуметтік маңызды инфрақұрылымды дамыту бойынша шаралар қабылданды. Оның жарқын мысалы – медициналық көмекпен шалғай ауылдарды қамтамасыз ету болып табылады», – деді облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров.

Бұл амбулатория ел бойынша бағдарлама аясында пайдалануға берілген алғашқы нысан. Оның ашылуына дейін амбулатория 1959 жылы салынған ескі ғимаратта жұмыс істеген.

Аудан орталығы мен Үлкен-Сұлутөр ауылы арасындағы үлкен қашықтықты ескере отырып, жаңа амбулатория 1500-ден астам тұрғынға қажетті медициналық қызметтерді ауылдан шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді.

Жалпы биылғы жоспар бойынша үкімет айтарылған активтер қаражаты есебінен 318 млрд теңгені 400-ден аса әлеуметтік нысан салуға жұмсамақшы.

Оның ішінде тоғыз білім беру нысаны, спорт саласындағы үш нысан, денсаулық сақтау саласындағы 162 жоба, сумен жабдықтау саласындағы 159 жоба бар. 333 жоба іске асырылып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз