Kia Cerato, Sportage және Sorento көліктерін шығаратын зауыт аяқталғалы тұр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Kia Cerato, Sportage және Sorento көліктері Қазақстанда жасалады / фото: KursivMedia мұрағаты
Kia Cerato, Sportage және Sorento көліктері Қазақстанда жасалады / фото: KursivMedia мұрағаты

Kia Cerato, Sportage және Sorento көліктері Қазақстанда жасалып, автосүйер қауымды қуантатын күн алыс емес. Зауыт Қостанай облысында аяқталуға жақын.

Ол Kia Qazaqstan автозауыты деп аталады. Бұл — отандық машина жасау саласындағы ең ірі инвестициялық жобалардың бірі.

СМN ақпаратына қарағанда, бұл Kia компаниясының сыртқы нарықтағы алғашқы толық циклды зауыты болмақ.

Басқа да Kia модельдері қосылады

Зауыт алғашқы кезеңде Kia Cerato, Sportage және Sorento шығармақ. Кейіннен басқа да Kia модельдерін желіге қосу жоспарланып отыр.

Kia Cerato, Sportage және Sorento көліктері Қазақстанда аса танымал. Әсіресе, Kia Sportage биыл қуатты гибридті жүйесімен ерекшеленіп отыр. Газбен де жүреді.

Бұл көліктерде комплектациясына қарай климат-бақылау, көліктің артқы жағын көрсететін камеракруиз-бақылау болады. Орындық пен рөлді жылытатын жүйесі де бар.  

Техникалық сипаттамалары

Kia Cerato, Sportage және Sorento көліктерінің техникалық сипаттамаларын қысқаша шолып өткен жөн.  

Kia Cerato (2025) қозғалтқышы – 1.6 литр (1597 см³). 4 цилиндрлі. Спорттық нұсқаларында 2.0 литр.  Беріліс қорабы – 6 сатылы автоматты. 50 литр отын сыяды. Қалада –10 л/100 шақырым, трассада –12 л/100 шақырым жанармай жейді.

Kia Sportage (2025) қозғалтқышы 2.5 литр. Беріліс қорабы – 8 сатылы автоматты. Тартқыш жүйе – FWD (кей нұсқада – AWD). Жанармай шығынына келсек, қалада – 9.3 л/100 шақырым, трассада – 7.1 л/100 шақырым.

Kia Sorento (2025) сипаттамасы да осы екі көліктің ортасында тұрғандай.

Алғашқы циклді кәсіпорын

Kia-ның бұл зауыты – Оңтүстік Кореядан тыс орналасқан алғашқы толық циклды кәсіпорын.

Зауыттың құрылысы 2023 жылдың қарашасында басталды. 2025 жылдың соңына дейін 3000 көлік шығару жоспарланған. Жобаға тартылған инвестиция көлемі – 130 млрд теңгеден астам. Оның көп бөлігі – тікелей шетелдік инвестициялар.

5,2 шақырым темір жол салынып, жақында пайдалануға берілмек. Зауытта 68 өнеркәсіптік робот орнатылған. Дәнекерлеу, бояу және құрастыру жұмыстарын автоматтандырады. Жылдық өндірістік қуаты – 70 000 автокөлікке дейін.

Жұмыс күші мен әлеуметтік инфрақұрылым

Қазір зауытта 500-ден астам маман болады. Оның ішінде Оңтүстік Кореядан келген инженерлер жұмыс істейді. 531 адам жұмысқа қабылданады. Қызметкерлерге трансфер, тамақтану және жеке жеңілдік бағдарламалары ұсынылады. Олар жергілікті колледждер мен Кореядағы оқу орталықтарында білім алады.

Мұның алдында Kia Sportage қуатты гибридті жүйеге ие болғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз