16 млн қазақстандықтың дерегі тарап кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
жеке деректер
Фото: ашық дереккөзден

16 млн қазақстандықтың жеке дерегінің таралу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты.

«Жеке өмірге қол сұғушылық және Қазақстан Республикасының жеке деректер мен оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу бойынша (ҚР ҚК 147-бабы) қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізу үшін іс ҚР Ішкі істер министрлігіне берілді», – деді ол журналистерге.

Еске салайық, 16 маусымда  16,3 млн қазақстандықтың жеке деректері таралып кеткені туралы ақпарат тарады. Ұрланған жазбалар арасында қазақстандықтардың ЖСН-і, аты-жөні, ұлты, телефон нөмірі, жынысы жайлы деректер бар.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің түсіндіруінше, ол деректер – осыған дейін қолды болған ақпарат. Біреу сол ақпараттарды жинап, қайта таратқан. Жаңа деректердің ұрлануына қатысты жағдай тіркелген жоқ деп атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз