Маңғыстау өңіріне дрон құлады

Биыл Қазақстанның батыс өңірлеріне осымен бесінші мәрте дрон құлады. 19 маусымда күндіз Маңғыстау облысының тұрғындары қашықтан басқарылатын ұшу аппаратын тауып алды.
Сұр түсті аппарат Қарақия ауданы аумағында, Болашақ шекара темір жол станциясы маңында табылды.
Жергілікті полиция Lada.kz басылымына шағын ғана мәлімет берді.
«Ешкімге ешқандай зардап келмеді. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», – деп хабарлаған құқық қорғау органдарының өкілдері.
Айта кетейік, Қазақстанның батыстағы өңірлеріне биыл осымен төртінші мәрте дрон құлады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысы аумағына төрт мәрте белгісіз ұшу аппараты түскен:
- 18 ақпан – Бөкейорда ауданы Ұялы ауылының тұрғындары ұзындығы 120 см ақ түсті ұшу аппаратын тауып алды;
- 18 наурыз – Тасқала ауданы Атамекен ауылына жақын маңда ұзындығы 3 метр қара түсті ұшу аппараты табылды;
- Ал 25 наурызда дәл осы өңірдің Жәнібек ауданына тағы бір белгісіз үшу нысаны құлағаны мәлім болды.
- Ертесіне – 26 наурызда дәл осы Жәнібек ауданында тағы бір дрон табылды.
Әскери шолушы елдің батысына құлаған белгісіз ұшу аппараттарын Ресейдің Shahed 136 және Орлан-10 дрондарына ұқсатқан.
Сарапшылар Қазақстанның әуе кеңістігін дрондардан қорғауға бюджеттің бүкіл қаражаты жетпейтінін ескерткен. Қорғаныс министрлігі маусым айының басында ғана Батыс Қазақстан ауамғына құлаған дрондар Ресейге тиесілі екенін айтқан.