Ресей 31 млн теңге ұрлаған банк менеджерін Қазақстанға ұстап берді

Жарияланды 20 Маусым 2025 11:27

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
31 млн теңге жымқырды деен күдікпен істі болған банк менеджері Ресейден Петропавлға жеткізілді / Бас прокуратура видеосынан скриншот
31 млн теңге жымқырды деген күдікпен істі болған банк менеджері Ресейден Петропавлға жеткізілді / Фоото: Бас прокуратура видеосынан скриншот

Ресей билігі 31 млн теңге ұрлады деген күдікпен істі болған банк менеджерін Қазақстанға экстрадициялады. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Ресми мәліметте күдіктінің аты-жөні, қай банкте істегені айтылмады. Алайда прокуратура жариялаған видеодан оның орта жастағы әйел адам екенін, күдіктіні Ресейден пойызбен Петропавл қаласына жеткізгенін байқауға болады.

Прокуратура таратқан мәліметке қарағанда, менеджердің үстінен «сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлау» фактісі бойынша іс қозғалған. Бұл бап жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

«Тергеу нұсқасы бойынша ол 2015-2017 жылдар аралығында Астана қаласы банктерінің бірінің филиалының жетекші менеджері бола отырып, сомасы 31 миллион теңгеден астам ақша қаражатын иемденіп, талан-таражға салған», – деп таратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Құзырлы мекеме дерегінше, «қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған».

Күдікті 2024 жылғы маусым айында Мәскеу қаласында ұсталды. Ол Қазақстан прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр.

Сондай-ақ оқыңыз