Демалыс күндері жаңбыр, кей жерде бұршақ жауады. Алайда қапырық қайтпайды

«Қазгидромет» демалыс күндері республиканың басым бөлігінде ауа райын циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер анықтайтынын хабарлады.
Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Сондай-ақ желдің күшеюі болжанып отыр, ал елдің оңтүстігінде шаңды дауыл болады.
Ауа температурасы бойынша айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Күндізгі уақытта термометр бағаны батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте 18-30 градус, Қазақстанның орталығында 20-33 градус болады.
Шығыста кейбір аудандарда 35 градусқа дейін ыстық болады деп күтіледі, ал республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 35-40 градусқа дейін қатты ыстық болады, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Нөсер, найзағай және бұршақ жаууы мүмкін деген болжамға байланысты Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген режимге көшкен. 20 маусым сағат 15:00-ден 21 маусым сағат 02:00-ге дейін бірнеше сағат ішінде 20 мм-ге дейін жауын жауып, жел екпіні 20 м/с-ке дейін күшейіп, ауа температурасы +30°C-қа дейін жетеді деп күтіліп отыр.
Бұған дейін төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырған.