«Зейнетақы рәсімдей алмады»: алматылық әйел 20 жыл бойы құжатсыз жүрген

1964 жылы туған алматылық келіншек 20 жыл бойы құжатсыз жүрген. Оған Кеңес дәуірінде алған төлқұжатын жоғалтып алуы себеп болған.
Келіншек 1974 жылғы үлгідегі төлқұжаттын жоғалтып алып, жеке басын куәландыратын құжатсыз 20 жыл жүрген. Соның салдарынан зейнетақы рәсімдей алмай, заңды баспанаға қол жеткізе алмаған.
Қалалық көші-қон қызметі мамандары зейнет жасындағы әйел адамға қажетті анықтамаларды жинауға көмектесіп, барлық рәсімдеу процесін бақылауға алып, әйелге Қазақстан Республикасының азаматы ретінде жеке куәлік берілген.
Қазіргі таңда көші-қон қызметі құжат алған әйелге зейнетақы мен басқа да әлеуметтік жеңілдіктерді рәсімдеуге көмектесіп жатқаны хабарланды.
Бұған дейін, полиция ЖИ адамдардың сөзіндегі қарама-қайшылықты анықтап, тергеушілерге көмектесетіні хабарланған.