Қазақстандықтардың денсаулық сақтау қызметіне жұмсайтын шығыны күрт артқан

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Қазақстандықтардың денсаулық сақтау қызметіне жұмсайтын шығыны күрт артқан
Қазақстандықтардың денсаулық сақтау қызметіне жұмсайтын шығыны күрт артқан/Фото: shutterstock

I тоқсанның қорытындысы бойынша, денсаулыққа жұмсалатын жан басына шаққандағы орташа шығын 3,6 мың теңгеден 4,6 мың теңгеге дейін өсті. Бұл – жалпы номиналды ақшалай шығындардың жылдық өсімінен үш есе көп әрі соңғы екі жылдағы рекорд. Бұл деректерді бірінші кредиттік бюро мәлім етті.

Нақты мәнде көрсеткіш 14,9%-ға артқан. Есептеуге денсаулық сақтау тауарлары мен қызметтеріне арналған баға индексі пайдаланылған.

Жан басына шаққандағы денсаулық сақтау қызметтеріне жұмсалатын орташа шығынның негізгі бөлігін стоматологиялық қызметтер құрайды – 2,4 мың теңге.

Бюро мұндағы сандар аз көрінуі мүмкін, бірақ есеп елдегі барлық тұрғындар бойынша жүргізілетінін есте сақтау керектігін атап өткен. Ал есеп беру кезеңінде олардың бәрі бірдей аталмыш қызметке жүгінбеген. Дегенмен, ресми статистиканың іріктеуіне 12 мың үй шаруашылығы кіргізілген, олардың деректері негізгі жиынтық көрсеткіште қамтылған.

Денсаулық сақтау қызметтерінің ішінде шығыны ең жылдам өсіп жатқан санат ауруханалар қызметі (оның ішінде күндізгі стационар және шипажайлар қызметі бар). Орташа жан басына шаққанда – 946 теңге, номиналды өсім жылдан жылға 54,1%, ал нақты өсім – 39,8%.

Сонымен қатар дәрігер мамандар мен алғашқы қабылдауды қамтитын медициналық қызметтер бойынша жан басына шаққандағы орташа шығын инфляцияны есептемегенде бір жылда 5,7%-ға өскен, бірақ нақты мәнде 5,1%-ға төмендеген. Қазіргі деңгейі – 559 теңге.

Ал парамедициналық қызметтерге жұмсалған (медициналық зертханалар, рентген кабинеттері, медбикелер мен акушерлер қызметі) жан басына шаққандағы орташа шығынға тоқталар болсақ, мұнда өсім бірден номиналды түрде де (+27,6%), нақты түрде де (+11,2%) байқалып тұр – 568 теңге.

І тоқсанның қорытындысы бойынша халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы, бағаның өсуін ескермегенде, 10,1%-ға, 350,4 мың теңгеге дейін өскен. Ал инфляцияны ескергенде өзгеріссіз деуге де болады, +0,7%.

Бұған дейін, ЕАЭО елдері арасында Қазақстандағы инфляция мөлшері хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз