Қайрат Боранбаевтың бауыры ұсталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Мұрат Боранбаев ұсталды/фото: qamqor.gov.kz

Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың бауыры Мұрат Боранбаев ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Айта кетейік, Мұрат Боранбаевқа 2022 жылы іздеу жарияланған. Бұл ақпарат құқықтық статистика органдарының порталында жарияланды.

«Қаржы мониторингі агенттігі Мұрат Боранбаевты іздеу жұмыстарын 2024 жылдың 24 желтоқсанында оның ұсталуына байланысты тоқтатты», – деп жазды редакция.

Оның Алматыдағы ақылы автотұрақтарға қатысты қылмыстық істе басты күдікті екені айтылды. Мемлекеттік сатып алу сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Мұрат Боранбаев 2017 жылы «AlanParking» ЖШС-нің басшысы болған. 2022 жылы AlanParking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынған.

Қайрат Боранбаев 2023 жылы қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі және 189-бабы 4-бөлігі, 218-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Астананың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Ресей газының бағасы туралы ақпаратты қамтитын құжат түпнұсқасының болмауына байланысты Қайрат Боранбаевқа қатысты бірінші инстанциядағы сот үкімінің күшін жойды. Содан кейін ол тергеумен келісімге келуге келісті.

2023 жылдың қарашасында Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты

Сондай-ақ оқыңыз