«Теңіз» кен орнын кеңейту жобасы толық қуатына жетті

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: ашық дереккөзден

«Теңіз» кен орнын кеңейту жобасы толық қуатына жетті. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ басқарма басшысының орынбасары Әсет Мағауов мәлімдеді деп жазады «ҚазАқпарат».

2025 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша, «Теңіз» жобасынан 10,8 млн тонна мұнай өндірілген. Бұл белгіленген жоспардан 5%-ға, 535 мың тонна артық.

«Өндіру көлемінің артуы 2025 жылғы қаңтарда ТШО-ның Болашақ кеңейту жобасының іске қосылуының арқасында қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта жоба толық қуатында жұмыс істеп тұр», – деді Әсет Мағауов.

Бес ай нәтижесінде, газ өндіріс көлемі 4,76 млн тоннаны құрады, бұл жоспардан 9% немесе 385 млн-ға артық. Осы жылы Шығыс және Орталық Үріхтаудағы ұңғымаларды бұрғылау және игеру жоспарланған.

Теңіз мұнай кенішін кеңейту жобасы осы жылы іске қосылды. Ақпанда мұнай өндірісінің көлемі тәулігіне 900 мың баррельге дейін жеткен.

Сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдап, жобаны сәтті аяқтауымен құттықтады.

Сондай-ақ оқыңыз