Қазақстандық спортшы көркем гимнастикадан әлем чемпионатында алтын алды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ақмарал Ерекешова көркем гимнастикадан алтын алды/фото: Instagram/figymnastics

Қазақстандық Ақмарал Ерекешова көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында Лилиана Әлжанова жазды.

Айта кетейік, 2025 Rhythmic Gymnastics Junior World Championships Болгарияда өтіп жатыр.

«2019 жылға дейін жас спортшылар арасында әлем чемпионаты өткізілмейтін. Биыл тек үшінші рет өтіп жатыр. Екі рет 13-15 жас аралығындағы спортшы қыздар қатысты. Биылғы біріншілікке тек 14 пен 15 жастағы қыздар жіберілді. Қазақстан атынан Ақмарал Ерекешова мен Айғаным Рысбек, сосын топтық жаттығудағы елордалық қыздар бар», – деп жазды Әлжанова.

Ал Ақмарал Ерекешова жеке жарыс бойынша «Ball» (доп) финалында жеңімпаз атанған. Ал Hool (обруч) снарядында Ақмарал 2-орын алды.

Сондай-ақ оқыңыз