1 шілдеден бастап сұйытылған газ бағасы өзгеруі мүмкін

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
газ
Сұйытылған газ бағасы өзгеруі мүмкін / Фото: ашық дереккөзден

Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының көтерме сату бағасының шекті мөлшерін тоннасына 51 932 теңге деңгейінде бекітуді жоспарлап отыр. Бұл туралы құжат «Ашық НҚА» сайтында жарияланды. Қоғамдық талқылау 2025 жылғы 24 маусымға дейін жалғасады.

Министрліктің бұйрығына сәйкес, сұйытылған газ бағасы өседі. Қазіргі шекті баға – 45 158 теңге. Ал жаңа өзгеріс бойынша, баға келесі айдан бастап 15%-ға өседі. Ол 2025 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін сақталмақшы.

Автогаз – бұл автокөлік отыны ретінде қолданылатын сұйытылған мұнай газы. Әдетте ол қысыммен сақталатын пропан мен бутан қоспасынан тұрады. Автогаз бензин мен дизельге қарағанда арзанырақ әрі экологиялық балама ретінде кеңінен қолданылады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан сұйытылған газды шекара сыртына экспорттауға тағы алты айға тыйым салған еді.

Сондай-ақ оқыңыз