Енді жәрдемақы мұқтаж отбасыларға ғана беріледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік қолдау шараларын тарату моделін сынақтан өткізіп жатқанын хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, жаңа формат пилоттық режимде Қарағанды облысы мен Шымкент қаласында іске асырылып жатыр.
Пилоттық жобаға отбасын қолдау орталықтары, спорт немесе арнайы мектептер, оқушылар сарайы, балалар үйлері, ерте араласу орталықтары сияқты 36 мемлекеттік мекеме қатысып жатыр.
Пилоттық жоба аясында білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын үй қатынастары және дене шынықтыру салаларында 11 мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру жоспарланған.
«Пилоттық жобаны іске асыру қолданыстағы шаралардың бытыраңқылығы мен қайталануын болдырмауға, тиімсіз төлемдерді қысқартуға, шын мәнінде мұқтаж азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсетуге, қызмет көрсету бойынша бизнес-процестердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді», – дейді министрліктегілер.
Пилоттық жоба отбасыларды төтенше қажеттіліктен (азық-түлікке қаражаттың жетіспеушілігі) жоғары әл-ауқатқа (қаржылық қиындықтардың болмауы) дейін 6 санатқа бөлетін бағалау моделін қолданады.
«Негізгі мақсат – ресурстарды шынымен мұқтаж азаматтардың пайдасына – оның ішінде 6-санатқа (әл-ауқатының жоғары деңгейі) жататын азаматтарға көмек көрсетуден бас тарту арқылы қайта бөлу», – делінген министрлік хабарламасында.
Биыл балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға 1,7 трлн теңге бөлінген.