Toyota Land Cruiser Hybrid 48V: жапонның аңыз көлігі жаңа гибридті жүйеге ие болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Toyota Land Cruiser Hybrid 48V / фото: ZUMAPRESS.com
Toyota Land Cruiser Hybrid 48V / фото: ZUMAPRESS.com

Toyota Land Cruiser Hybrid 48V:  жапонның жол талғамайтын аңыз көлігі тарихта алғаш рет жаңа гибридті жүйеге ие болды.

Жаңа 48V mild hybrid жүйесі көліктің жолда да, жолсызда да жұмсақ әрі жайлы жүруіне мүмкіндік береді.

Бұл жүйе қандай артықшылық береді?

Гибридті көліктердің трансмиссиясы – ішкі жану қозғалтқышынан немесе электроматордан дөңгелектерге қуаты беретін жүйе. Кәдімгі көліктерден айырмасы, бір немесе екі қуат көзін пайдалана алады.

Жолсыз жерлерді жүру қабілетіне де еш нұқсан келмеген. Бұрынғыдай тереңдігі 700 мм болатын суды еш қиналмай кешіп өте алады.

Жаңа жол талғамайтын көлік енді Еуропада сатыла бастамақ. 2025 жылдың соңында қарай алғашқы жеткізілімдері келеді.

Электрлі көліктер дәуіріне алғашқы қадам

Жаңа Land Cruiser көлігінің тұсауы 2024 жылдың соңында кесілген.  Toyota осы арқылы өз моделін жаңартқан. Алайда сапа, беріктік пен сенімділік сияқты дәстүрлі құндылықтарын сақтап қалған-ды. Мұнымен қатар, заманауи технологиялармен толықтырылып отыр.

Жаңа Toyota New Global Architecture (TNGA) рамалы платформасына негізделген. Бұл модель жолсыздарға оңай төтеп береді. Сондай-ақ жолда да сенімді әрі гуілсіз қозғалысты қамтамасыз етеді. Toyota Land Cruiser Hybrid 48V-ны дыбыссыз көлік деп атауға болады.

Гибридті 48V жүйесі: қалай жұмыс істейді?

Жүйе 2.8 литрлік турбодизельді қозғалтқышты. 8 сатылы автоматты. Direct Shift трансмиссияны электрлі мотор-генератормен, литий-ионды 48V батареямен және DC-DC түрлендіргішімен біріктіреді. Мұның бәрі қатал ортаға бейімдеп жасалған.

Негізгі артықшылықтары қандай?

Қозғалтқышы жұмсақ әрі жылдам – stop-start. Гуілсіз, дірілсіз, бірсыдырғы орнынан қозғалады. Жылдамдығын арттыра алады. Жолсыз жерлерде мотор-генератор қосымша тарту күшін береді. Toyota Land Cruiser Hybrid 48V үнемді әрі жүргізушіге жайлы.

Электрлі мотор-генератор

Тұрақты магнитті синхронды моторы бар. Газдан аяқты алған кезде энергия кері қайтарылады. Тоқтатқанда, жылдамдықты күрт арттырған кезде қозғалтқышқа көмектеседі. Бұл шуылды бәсеңдетеді. Отын шығынын азайтады. Көлік басқаруды жайлы етеді. Жолсыз жерлерде кедергілерден өту қабілетін арттыра түседі.  Жүргізушіге арналған экранда: CHG (энергия жинау), ECO және PWR режимдері көрсетіледі.

48V литий-ионды батареясы 13 элементтен тұрады. Салмағы – небәрі 7.6 келі. Қосымша 12 кВт қуатпен қамтамасыз етеді.

Мұның алдында Toyota RAV4-ге ұқсайтын дизайны бар жаңа Mazda CX-5 кроссовері шыққаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз