Қазақстан «ақшаны жылыстатуға қарсы» ұлттық жүйесін жетілдіре түседі

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Тоқаев Қазақстанның «ақшаны жылыстатуға қарсы» ұлттық жүйесін жетілдіре түсетінен айтты / Фото: Ақорда

Қазақстан «ақшаны жылыстатуға қарсы» ұлттық жүйесін жетілдіре түседі. Бұл туралы «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасы Эльжбета Франков-Яскевичті қабылдау кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Кездесуде қаржыны заңсыз жолмен шығару және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес бойынша халықаралық ынтымақтастықтың өзекті бағыттары талқыланған. Тоқаев «Эгмонт» тобының жаһандағы қаржылық қауіпсіздікті нығайтуға және активтерді қайтару тиімділігін арттыруға үлес қосып жүрген басты халықаралық платформа ретіндегі рөлңн ерекше атап өткен.

Тоқаев заңның үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының қабылданғанын мәлімдеді.

Сонымен бірге Қазақстанның ақшаны заңсыз жолмен шығаруға қарсы ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға сай жетілдіруге ниетті екенін мәлімдеген.

Бұл орайда Эльжбета Франков-Яскевич елде жүргізіліп жатқан бұл реформаларға оң бағалап, олардың тиімділігі артатынына сенім білдірген.

Сондай-ақ оқыңыз