Қазақстан бюджет тапшылығын жабу үшін еурооблигация шығарады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан 2025 жылдың шілде айында екі траншпен еурооблигация шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Астана халықаралық биржасына (AIX) сілтеме жасай отырып, «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі хабарлайды.

Жоспарға сәйкес, еуробондтар 7 және 12 жыл мерзімге орналастырылмақ. Облигациялар Лондон қор биржасы (LSE), Астана халықаралық биржасы (AIX) және Қазақстан қор биржасында (KASE) шығарылады.

Эмиссия долларлық, кепілсіз және үкімет міндеттемелері ретінде шығарылады. қанша облигация шығарылатыны нарықтағы сұранысқа байланысты болмақ.

Бұған дейін қаржы министрі Мәди Такиев еурооблигациялар арқылы $2,5 млрд тарту жоспарланып отырғанын мәлімдеген болатын.

Облигация шығарылымының жетекші ұйымдастырушылары мен букраннерлері ретінде Citi, JP Morgan және Societe Generale таңдалған. Қазақстан тарапынан Halyk Finance пен Teniz Capital серіктес ретінде танылған.

Инвесторлармен әлемдік онлайн кездесу 23 маусым күні Астана уақытымен 21:00-де өтеді. Сол күннен бастап облигацияларға қызығушылық білдірген инвесторлармен жеке кездесу сериясы басталады.

Қазақстан соңғы рет халықаралық облигациялар нарығына 2024 жылдың қазанында шыққан. Ол кезде 10 жылдық облигацияларды $1,5 млрд көлемінде орналастырып, жылдық купондық мөлшерлемесі 4,714% деңгейінде белгіленген.

Сондай-ақ оқыңыз