Президент кәсіпкерлерді түрме жанынан өндіріс ашуға шақырды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
президент
Президент кәсіпкерлерді түрме жанынан кәсіп ашуға шақырды /Фото: shutterstock, бильд-редактор Дастан Шанай

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру қажетін атап өтіп, жазасын өтеушілерді қоғамнан оқшаулау емес, оларды қайта тәрбиелеп, қалыпты өмірге бейімдеу керек деді. Осы ретте Президент кәсіпкерлерді түрме жанынан өндіріс орындарын ашуға шақырды.

Тоқаевтың айтуынша, мемлекет қателікке бой алдырған адамнан теріс айналмауы керек.

«Мемлекет шалыс қадам басқан азаматтан теріс айналмайды, тек оның тура, дұрыс жолға түсуіне жәрдем береді. Өйткені, әділетті елдің соты – әділ, ниеті түзу болуға тиіс. Бірақ рақымшылық жасау дегеніміз, бұл – барлық мәселенің шешімі емес, бір реттік қана шара екенін түсінген жөн», – деді ол.

Президент қылмыстық атқару жүйесінде тәрбие жұмыс жүргізу, заң мен тәртіп құндылықтарын сіңірудің маңыздылығын атап өтті. Бұл үшін шетелдік тәжірибелерге сүйене отырып, жазасын өтеушілердің түзелуіне мүмкіндік беретін жүйелерді енгізу ұсынылды. Мысалы, кейбір елдерде сотталған адам абақтыда тәртіп бұзбаса, білім алып, мәдени және спорттық шараларға қатысса, жаза мерзімін қысқартуға мүмкіндік алады.

Тоқаев Үкімет пен Бас прокуратураға осындай тәжірибені мұқият зерттеп, отандық сарапшыларды тарту арқылы жан-жақты талдау жүргізуді тапсырды.

«Мұндай серіктестік шетелде кеңінен таралған. Бұл шара екі жаққа да пайдалы. Сотталған адамның тапқан табысы оған бостандыққа шыққан соң тіршілік етуге көмек береді. Ал еңбек арқылы меңгерген дағдысы жұмысқа орналасуына жол ашады», – деді Тоқаев.

Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толуына орай сотталған 15 мыңнан астам адамға амнистия жарияланды.

Сондай-ақ оқыңыз