Таяу Шығыстағы жағдайға қарамастан қазақстандықтар Дубайға ұшып жатыр
Жарияланды

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушыққанына қарамастан қазақстандықтар Дубайға ұшып жатыр. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрілігі ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
«Кеше ғана Әмірліктердегі (БАӘ – ред.) дипломаттарымызбен сөйлестім. Олар кейінгі 6-7 ұшақтың лық толы барғанын айтты. Бұл – бір ғана тәуліктегі жағдай. Енді әрі қарай өзіңіз есептей беріңіз. Бірнеше күн өтті, сол уақыт ішінде қанша адам ұшып кеткенін ойлай беріңіз», – дейді Смадияров.
Айта кетейік, бұған дейін Иранда шамамен 50-ге жуық, ал Израильде 170-ке тарта қазақстандық бар екені айтылды.