Қазақстандықтар бүгіннен бастап Дубай мен Дохаға қайта ұша алады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Дубай мен Дохаға тікелей рейстер қайта ашылды/фото: shutterstock

Дубай мен Дохаға тікелей рейстер қайта орындалатын болды. Air Astana 25 маусымнан бастап Таяу Шығыс елдеріне ұшатынын хабарлады.

«Таяу Шығыста атыстың тоқтатылуына байланысты Air Astana әуе компаниясы Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, осы өңірге ұшуды қайта бастайды», – деп хабарлады әуекомпания.

25 маусымда мына рейстер орындалады деп жоспарланған, барлық жерде жергілікті уақыт көрсетілген:

KC205 Астана-Дубай, 11:00
KC206 Дубай-Астана, 16:40
KC653 Алматы-Доха, 11:00
KC654 Доха-Алматы, 15:05
KC897 Алматы -Дубай, 11:15
KC898 Дубай-Алматы, 16:10

Сондай-ақ Boeing 767 ұшағымен репатриациялық рейс орындалады. КС8980 Дубай-Алматы рейсі сағат 17:40-та ұшады.

Әуекомпания бұл рейске билеттер сатылымға шыққанын хабарлады.

Көлік министрлігі хабарлауынша, бірқатар елге ұшуға ресми түрде шектеу енгізілген.

Соңғы мәліметке сәйкес, шектеулер келесі елдерде қолданылады:

  • Кувейт, Бахрейн, БАӘ — рейстерді шектелді және тоқтатылды, ішінара қақтығыс аймағына жақын маршруттар бұғатталды. 
  • Израиль әуе кеңістігі толық жабық.
  • Иран әуе кеңістігі толық жабық (оның ішінде Парсы және Оман шығанақтары).
  • Ирак, Иордания, Ливан — зымыран мен дрон шабуыл қаупіне сәйкес ұшулар уақытша шектелді.
Сондай-ақ оқыңыз