«Базар жоқ» – әлеуметтік желіде ең көп қолданылатын сөз

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Базар жоқ» – әлеуметтік желіде ең көп қолданылатын сөз / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

2024 жылы қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылары арасында ең жиі қолданылған сленг – «Базар жоқ» тіркесі болды. Бұл тіркес, әсіресе, Instagram мен Facebook платформаларындағы пікірлерде кеңінен тараған. Мұндай қорытындыны әлеуметтік желілерді талдау және басқарумен айналысатын LiveDune сервисі жасады.

Сленгтің кең таралуын талдауға көмектескен – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультетінің PhD докторанты Тұрғанбаева Қымбат Мұратжанқызы 200-ге жуық сленг сөздерден тұратын сөздік құрастыруға атсалысқан. Бұл тізімге TikTok пен Telegram арналары арқылы қазақ тіліне енген орыс және ағылшын тілдеріндегі гибридті сленгтер де кірген.

Қай платформада көп қолданылады?

Сленгтің 80%-ы Instagram желісінде қолданылған. Facebook үлесі – 18%, ал Telegram – небәрі 2%.

Зерттеу нәтижесі бойынша ең жиі қолданылған сленг сөздер:

  • Базар жоқ – 45%
  • Құрсын! – 15.3%
  • Қасқа! – 8.3%
  • Бро – 8.3%
  • Қуу – 7.0%

Тағы қандай сленгтер бар?

Қолданушылар белсенді түрде қолданатын сөздер қатарында:

  • Қатыру – 4.3%
  • Жару – 4.0%
  • Сыну – 3.3%
  • Жынды – 2.6%
  • Ботан және Пирамида – 1.9%

Facebook қолданушылары арасында «Зёма» мен «Жару» тіркестері де кеңінен тараған.

Өзектілігін жоғалтқан тіркестер

Кезінде жиі қолданылған кейбір сөздер қазір сирек кездеседі:

  • Блокқа тығу
  • Қораға кіргізу
  • Маяк тастау
  • На рахате

LiveDune сарапшылары келесі жылы да бұл бағыттағы зерттеулерін жалғастырмақ. Олар 2025 жылдың ең танымал сленг сөздерін анықтап, қазақ тілді интернет қауымдастығының қалай өзгеріп жатқанын бақылауға мүдделі.

Сондай-ақ оқыңыз