Алматы мен Астана студенттері оқу ақысын күрт көтеріп жібергеніне наразы

Жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы мен Астана ЖОО-да дау шықты. КИМЭП пен Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің студенттері оқу ақысының күрт өсіп кеткеніне наразы болып жатыр.

КИМЭП шәкірттері әлеуметтік желіде оқу құнының қымбаттап кеткеніне шағымданған. Олардың сөзінше, әкімшілік бағаны 15%-ға көтерген, бірақ ол келісім-шартқа сәйкес емес.

«Әкімшілік бағаны 15%-ға көтерді, оған студенттер ашуланды. Оқу келісім-шартына сәйкес бағаны жылына 10%-дан артық көтере алмайды. Қазір төрт жылға 21 млн 328 мың теңге төлейміз. Өткен жылы бұл сома 18 млн теңге еді», – деді студенттердің бірі Kursiv тілшісіне.

Бұл жағдайдан кейін студенттер университет президенті Чан Йан Бэнгуға хат жазды.

«Оқу ақысын түзеуді 2025 жылы 21 ақпанда бюджет комитеті бекіткен. Комитет құрамына 11 адам кіреді, оның төртеуі – студенттер өкілі. Студенттерді қосқанда шешім бірауыздан қабылданды», – деп жазды КИМЭП ресми жауабында.

Күләш Байсейітова атындағы Өнер Университетінің студенттері де оқу ақысының көтеріліп кеткеніне риза емес. Олардың сөзінше, баға тіпті 70%-ға көтерілген, бірақ ол жайлы білімгерлерге тіпті ескертпеген.

«Біз университетке келгенде бізге оқу ақысы көтерілгені жайлы ескертті. «Шабыттың» жаңа ғимараты жаңарды, инфляция деп түсіндірді. Бірақ, кешіріңіз жаңарғаны қайда? Аудитория жетіспей, сабақ дәлізде өткен. Лифттер бұзылды. Оқуға қажетті құралдар, бағдарламаларды өзіміз сатып алып, зерттедік», – деп жазған студенттердің бірі.

Осы жағдайға қатысты Kursiv ЖОО басшылығына сауал жіберді.

Еске салайық, осыған дейін Франция, Германия мен Жапониядағы тегін оқуға болатын бағдарламалар жайлы жазған едік. Толығырақ мына жерден оқуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз