11 банк реттеушіден ескерту алды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Банк секторы қозғалыста / Фото: kursiv.media мұрағаты
Банктен ҚНРДА-дан ескерту алды / Фото: kursiv.media мұрағаты

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) еліміздегі бірқатар банктердің қызметін тексеру нәтижесінде 11 қаржы ұйымынан заң бұзғанын анықтаған.

Агенттіктің ресми мәліметінше, тексеру «Халық банк», «Еуразиялық банк», Kaspi Bank, Altyn Bank, Bereke Bank, Банк ЦентрКредит, Bank RBK, ForteBank, Home Credit Bank, «Фридом Банк Қазақстан» және «Нұрбанкке» жүргізілген.

Агенттіктің тексеру барысында банктер нақты қандай ереже бұзғанын нақтыламаған. Тек Қазақстанның «Банктер және банк қызметі туралы» заңының 45-1 және 46-баптарына сілтеме жасайды. Аталған баптарда банктердің операциялар жүргізу тәртібіне бастап, ішкі бақылау жүйесі, тәуекелдерді басқару, сонымен қатар басқарушы тұлғалардың жауапкершілігіне қатысты талаптар қарастырылған.

Қаржы реттеушісі аталған банктерге заң бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқама берген. Бұл құжатта банктерге өз қызметіндегі кемшіліктерді реттеу бойынша нақты талаптар қойылған.

Жыл басында агенттік Jusan bank пен Bereke Bank-ке ескерту жасап, «Нұрбанкке» айыппұл салған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз