Әзербайжанфильм киностудиясының аумағында жарылыс болды
Жарияланды

Бакуде Джафар Джаббарлы атындағы Әзербайжанфильм киностудиясының аумағында жарылыс болды.
1news.az сайты Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеп, киностудия аумағында шыққан өрт шұғыл шаралардың арқасында қысқа уақыт ішінде оқшауланғанын жеткізді.
О баста «Алов» зауытында жарылыс болды деген ақпарат шыққан. Қорғаныс өнеркәсібі министрлігі мұны жоққа шығарды. Министрлік өкілдерінің айтуынша, зауытта ешқандай жарылыс та, өрт те болмаған.
Ал жарылыс «Әзербайжанфильм» киностудиясының бұрынғы пиротехникалық учаскесінде болған. Оқиға орнына шұғыл қызметтер жұмылдырылып, өртті қысқа уақытта оқшаулаған.
Кеше СҚО-да қытайлық компания иелік ететін кәсіпорында жарылыс болып, 9 адам зардап шеккен.