Грант конкурсына қай күндері құжат қабылданатыны белгілі болды

Ұлттық тестілеу орталығы биыл грант конкурсына құжаттар қабылдау 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылатынын хабарлады.
Орталық құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болатынын атап өтті.
Грант конкурсына қатысу үшін төмендегідей құжаттар қажет:
- жеке куәлік;
- ҰБТ сертификаты;
- 3х4 көлеміндегі фото;
- орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом;
- жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар;
B167 «Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану» мамандығы үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек.
Қосымша ақпарат бойынша ЖОО-лардың қабылдау комиссияларына хабарласуға болады.
ҰБТ-ның соңғы аралық қорытындысының нәтижесіне сай, тестілеуді түлектердің 74%-ы – қазақ тілін, 26%-ы – орыс тілін таңдаған. Ал 221 талапкер ағылшын тілінде тапсыруды ұйғарған.
Бес апта қорытындысына қарағанда, олардың 70%-ы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа балл 66 болып отыр. Түркістан облысының тумасы Жәнібек Әбілхан 140 балл жинап, ең жоғары нәтиже көрсетті.
Қазақстандық математик Жәнібек Әбілханға автокөлік сыйлаған.