Вице-премьер Нұртілеу Моңғолиядан 500 мың ешкі сатып алды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Ешкі мал басын көбейтуге көмектеседі / фото: shutterstock
Ешкі мал басын көбейтуге көмектеседі / фото: shutterstock

Қазақстан Моңғолиядан жарты миллион ешкі сатып алады. Вице-премьер, сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Улан-Баторға сапары кезінде осындай келісімге отырды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, 500 мың бас ешкі сатып алу жобасы «агроөнеркәсіп кооперациясын құруды» көздейді.

Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, республикада 2,6 млн қой мен ешкі бар. Салыстырар болсақ, 1990 жылы Қазақстанда 36 млн қой-ешкі болған.

«Қазақ-моңғол қатынастары үлгілі достық сипатқа ие. Арамызда шешілмеген мәселелер жоқ», – деді Нұртілеу.

Қазақстан мен Моңғолия тауар айналымын 500 млн долларға дейін жеткізуді көздеп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз