Мұсылманша жыл басы басталды: Мұхаррам айы туралы не білу керек

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Мұсылманша жыл басы басталды: Мұхаррам айы туралы не білу керек
Мұсылманша жыл басы басталды: Мұхаррам айы туралы не білу керек/Фото: shutterstock

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мүсылман қауымын мұхаррам айының келуімен құттықтады.

Бас мүфти шариғат бойынш қажылық парызы аяқталған соң жаңа жыл басталатынын атап өтіп, зұлхижжа айынан кейін келетін мұхаррам айының кіруімен мұсылманша жаңа жыл басталатынын айтты.

«Осы ретте еліміздегі барша мұсылман қауымын жыл басы – мұхаррам айының келуімен шын жүректен құттықтаймын. Алла Тағала әрбір отбасыға бақ пен береке, ынтымақ пен ырыс нәсіп еткей. Жыл басында жоспарлаған игі істеріңіз берекелі болғай», – делінген мүфти құттықтауында.

Мұхаррам айында ораза ұстау парыз ба

Құран Кәрімнің соңғы түскен аяттарының бірімен мұсылман күнтізбесі де тәмәмдалып, тағы бір жылды қорытындылайтын сәт келеді. Осы ай Мұхаррам айы. Осы айда келетін Ашура – мұсылман тарихындағы айтулы күндердің бірі. «Ашура» сөзі «оныншы» деген мағынаны білдіреді. Яғни мұхаррам айының оныншы жұлдызы.

«Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алғаш Мәдина қаласына келгенде Рамазан айының оразасы парыз болмаған шақта қаладағы яһудилердің мұхаррамның оныншы күні ораза ұстайтындығын көріп, олардан бұл оразаның себебін сұрайды. Сонда олар: «Бұл – біз үшін айтулы күн. Нақ осы күні Алла Тағала Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбар мен қауымын озбыр Перғауыннан құтқарған», – деп жауап береді.

Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Олай болса Мұсаға (оған Алланың сәлемі болсын) сендерден гөрі мен жақынмын», – деп, мұсылмандарға осы күні ораза тұтуға бұйырады. Бірақ кейінірек Рамазан оразасы парыз етілген соң: «Қалаған адам тұтсын, қаламаған адам аузын ашсын», – деп ерікті ораза ретінде қалдырады. Алла Тағала жаңа жылымызды құтты, берекелі, мүбәрак етіп, қасиетті айда атқаратын ізгі амалдарымызға мол сауаптан жазғай. Әумин!», деп түсіндіреді Бас мүфти аталған айдың мән-мағынасы мен маңызын.

Бұған дейін, Құрбан айт қарсаңындағы қасиетті күн – Арапа күнін қалай өткізу керек екені туралы жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз