Гарвардта оқитын студенттер АҚШ-ақ кіре алмаса, оқуын Канадада жалғастыра алады

Гарвард университеті Дональд Трамптың шектеулеріне байланысты оқу орнына түскен шетелдік студенттердің оқуын аяқтауына мүмкіндік беру үшін Торонто университетімен келісімге келген. Бұл туралы Reuters басылымы хабарлады.
Университет жағдайдың күрделеніп кеткеніне байланысты төтенше жағдайлар жоспарын әзрліген. Оған сәйкес, егер виза шектеулеріне байланысты Гарвард студенттері АҚШ-қа кіре алмаса, Канадада оқуын жалғастыра алады.
Екі университеттің оқу бағдарламалары біріктіріледі
Нақтырақ айтқанда, Гарвард университетінің Джон Ф.Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің студенттеріне оқуын жалғастыру үшін балама мүмкіндік беріледі. Аталған студенттер Канададағы Торонто университетінің Мунк атындағы Ғаламдық қатынастар және мемлекеттік саясат мектебінде арнайы қонақтық оқу бағдарламасына қатыса алады.
Кеннеди және Мунк мектептерінің декандары бағдарлама аясында екі оқу орнының мектептерінде жүргізілетін курстар біріктірілетінін хабарлаған. Бұл бағдарлама тек АҚШ-қа визалық немесе көші-қон шектеулеріне байланысты кіре алмайтын студенттер үшін әзірленген. Бұл бағдарламаға Гарвардта 1 жыл оқыған студенттер қатыса алады.
Шектеу туралы
Еске сала кетсек, Трамп әкімшілігі Гарвард университетіне шетелдік студенттерді оқытуға мүмкіндік беретін арнайы сертификатының күшін жойған болатын.
Бұл жағдай оқу орнында оқитын студенттердің алаңдаушылығын тудырды. Гарваржа Трамп әкімшілігін сотқа берді. Сот елге Трамптың шеьел студенттерінің кіруіне тыйым салатын жарлығының күшін уақытша тоқатты.
Гарварж мәліметінше, оқу орнында бүгінгі күні 17 қазақстандық оқып жатыр. Оның 7-уі «Болашақ» бағдарамасымен түскен.