Амнистияға іліккендер тізімі қашан белгілі болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Амнистия жарияланғандар тізімі бір айда белгілі болады/фото: kursiv.media

Елімізде 2 мыңға жуық адам бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылады. Бұл Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толуына орай жарияланған амнистия аясында жүзеге асады. ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Баймағанбетовтің сөзінше, қазір санау жұмыстары жүріп жатыр.

«Амнистия туралы заң кеше ғана күшіне енді. Комитеттің аймақтардағы департаменттеріне нұсқаулық жібердік. Олар санау жұмыстарын атқарып жатыр. Яғни, рақымшылық жасалатын баптарға сәйкес кімдердің түрмеден босатылатынын санап жатыр. Бір айдың ішінде қай мекемеден қанша адамның босайтыны туралы мәлімет береміз», – дейді комитеті төрағасының орынбасары.

Айта кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 мыңнан астам адамға амнистия жарияланғанын хабарлады.

Кімдерге рақымшылық жасалатынын мына жерден көруге болады.

Сондай-ақ оқыңыз