АҚШ Cенаты Трамптың салық пен шығынды қысқарту жөніндегі заңын мақұлдады

АҚШ Конгресінің cенаты президент Дональд Трамп ұсынған «The Big Beautiful Bill)» деп аталатын ірі бюджет және салық заң жобасын мақұлдады. Құжат федералдық салықтарды азайту, Пентагон мен шекара қауіпсіздігіне қаржыны көбейту және Medicaid сияқты әлеуметтік бағдарламаларды қысқартуға бағытталған.
Сенаттағы дауыс беру барысында құжатты 51 сенатор қолдап, 49-ы қарсы шықты. Қарсы болғандардың арасында республикашыл Том Тиллис пен Рэнд Пол да бар. Бұған дейін заң жобасын Өкілдер палатасы мамырда қабылдаған, онда 215 депутат қолдап, 214-і қарсы дауыс берді.
Заң жобасы 2017 жылы енгізілген салық жеңілдігін ұзартуды, шайпұл мен артық жұмыс уақытынан түсетін табысқа салынатын салықты алып тастау және отбасыларға арналған шегерімдерді көбейтуді қарастырады. Сонымен қатар иммиграциялық бақылау және әскери шығын бюджет артады. Ал мемлекеттік қарыздың шегі 4 трлн долларға дейін өседі.
Ақ үй құжатты «америкалық отбасылар, фермерлер мен құқық қорғаушыларды қолдайтын маңызды шара» деп атады. Ал Илон Маск заң жобасын сынап, «АҚШ-ты қарызға батырады» деп мәлімдеді.
Бұған дейін Трамп АҚШ пен Қытай арасында сауда келісімі жасалғанын мәлімдеген.