Meta деректерді өңдеу орталықтарын көбейту үшін 29 млрд доллар тартады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Meta технология гиганты АЭС сатып алғалы жатыр / фото: shutterstock
Meta технология гиганты АЭС сатып алғалы жатыр / фото: shutterstock

Жасанды интеллект бағытын одан әрі дамыту үшін Meta инвесторлардан 29 млрд доллар тартпақшы. Financial Times жазуынша, қазір компания ірі институционалды инвесторлармен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Олардың қатарында Apollo Global Management, KKR, Brookfield, Carlyle және Pimco атты инвесторлар да бар. Meta өзіне қажет 29 млрд доллардың үш млрд-ын активтерді жүзеге асыру арқылы алады, ал қалған бөлігі несие түрінде беріледі. Алған қаржыны АҚШ аумағында деректер өңдеу орталығын салуға жұмсамақшы.

Бұл аяқ асты келген шешім емес. Осыған дейін тоқсандық есеп беру жиынында Meta басшылығы биыл компанияның капиталды шығындарын 64 млрд-тан 72 млрд-қа көбейтпекші екенін мәлімдеген.

Бұған дейін компанияның машинамен оқыту инженерлері көбірек жұмысқа алып жатқандығы жайлы жазған едік. Бірақ оның орнына «тиімсіз деген қызметкерлерін» қысқартты.

Сондай-ақ оқыңыз