Қытай гей-эротика жазып жүрген қыздарды 10 жылға соттамақ

Қытай гей-эротика жазып жүрген қыздарға қарсы қатаң шара қолданып жатыр. Олар енді он жылға дейін түрмеге отыруы мүмкін.
ВВС ақпаратына қарағанда, таяуда Pingping Anan Yongfu лақап атымен танымал жазушы қыз ұсталды. Ол соңғы сегіз айда Weibo әлеуметтік платформасына осындай шығарма жазып жүріпті.
Бұл гей-эротика жанры Қытайда өте танымал.
11 жасынан жаза бастағандар да бар
Адвокаттарының айтуынша, Қытай гей-эротика жазып жүрген жасы 20-лардың үстіндегі 30 авторды ұстаған. Олардың дені кепілдікпен бостандыққа шығып, сотты күтіп жүрсе, кейбірі темір тордың арғы жағында отыр.
Олардың біразы 18 жасқа толған соң, қолына қалам алса, кейбірі 11 жасынан бастап осы тақырыпты жазуға машықтана бастаған көрінеді. Солайша, гей-эротика Қытайда балаларды да қызықтырғаны анықталып отыр.
Данмей деген не?
Олар өз жұмыстарын Haitang Literature City атты тайваньдық платформаға жариялаған. Бұл жанр «Данмей» деп аталады. Ерлер арасындағы махаббат туралы эротикалық әдебиетке жатады.
Бұл қыздар порнография туралы заңды бұзды деп айыпталып отыр. Олар 10 жылға дейін түрмеге қамалуы әбден мүмкін.
Бейжің осыған дейін мұндай гей-эротикаға қарсы шара қолданып, интернетті бірнеше мәрте «тазалау» жұмыстарын жүргізген. 2018 жылы 7000 дана кітабын сатқан данмей авторы 10 жылға сотталған болатын. Қытайда гей эротика осылайша қатаң бақылауға алынып отыр.
Мұның алдында Қытай мен Орталық Азия елдері арасында тікелей әуе рейстері көбейетіні туралы жазған едік.