Қаржылық ваучер: енді балалардың шотына спорт секциясына арналған ақша түсіп отырады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қаржылық ваучер
Әр балаға спорт секциясына тегін қатысу үшін қаржылық ваучер төленеді / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Спорт секцияларына тегін қатысуға мүмкіндік беретін жаңа жүйе іске қосылады. енді әр балаға қаржылық ваучер төленеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту министрлігінің бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова айтты.

Жаңа жүйе

«Кезектіліктің ашық болмауы, өтінімдердің қайталануы, ұйымдардың тізімі шектеулі болуы,  кейбір жерлерде көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылаудың болмауы сияқты мәселелер ата-аналар жиі айтады. Сонымен қатар тиімсіз шығындар, қамту көрсеткішінің төмендігі және мемлекеттік тапсырысты бөлу кезінде формальды қарау жағдайлары да анықталуда. Осындай мәселелер заманауи жүйеге көшуді қажет етті. Осыған орай қосымша білім беру саласын ваучерлік қаржыландыруды енгізу туралышешім қабылданды», – деді министрлік өкілі.

2025 жылғы маусым айынан бастап Астана, Шымкент, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе және Қызылорда қалаларында пилоттық режимде іске қосылған жаңа жүйе аясында әр балаға бір үйірме немесе секцияға тегін қатысуға мүмкіндік беретін электронды ваучер ұсынылады. Жобаны Оқу-ағарту, Спорт, Цифрлық даму, Мәдениет және ақпарат министрліктері бірлесіп жүзеге асыруда.

Жаңа обаға сәйкес спорт, шығармашылық және қосымша білім беру салаларындағы барлық қызмет көрсетушілер Цифрлық платформа арқылы өтінім бере алады

Пилоттық жоба балалардың спорт, шығармашылық және білім беру бағдарламалары арасында қаржыландыруды жоғалтпай, қайта кезекке тұрмай басқа секцияларға еркін ауысуына мүмкіндік береді.

Ваучер қалай беріледі?

«Қары орталығы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сандуғаш Мұқтарованың айтуынша, қаржылық ваучер алу үшін ата-ана электронды өтінім беруі керек. Ол үшін ата-аналар қажетті электронды құжаттарды толтырып, баланың жеке деректерін өңдеуге рұқсат береді. Нәтижесінде банкте қаржылық ваучерге арналған шот ашылады. Бұл шотқа түскен ақшаны ата-ана жеке мақсаттарына пайдалана алмайды және үшінші тұлғаға аудара алмайды. Қаржылық ваучер көмегімен ата-ана баланы өздері ұнатқан секцияға апара алады.

«Қаржылық ваучер алуға тек ата-ана ғана өтініш бере алады», – деді Мұқтарова.

Пилоттық жобаға тек спорттық бағыттарға Туризм және спорт министрлігі тарапынан 50 млрд теңге жұмсау көзделіп отыр. Басқа да ағарту және шығармашылық бағытындағы секцияларға министрлік осы көлемдегі қаражат жұмсауы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз