«Jenys» клубы Әбиба Әбужақыноваға Lexus сыйға тартты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Абиба Абужақынова Lexus сыйлағанын айтты / фото: instagram
Абиба Абужақынова Lexus сыйлағанын айтты / фото: instagram

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері дзюдошы Әбиба Әбужақынова Lexus көлігін тақымдады. Қымбат көлікті «Jenys» клубы тарту еткен.

Бұл туралы спортшы көлігі мен оның кілтін көрсетіп, әлеуметтік желі арқылы жанкүйерлерінен сүйінші сұрады.

«Бүгін әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанғаныма «Jenys» клубы көлік атады. Ел мерейін үстем еткенде клубымыз да бізді әрқашан қолдап, жетістігімізге ерекше қуанып отырады. Өте қуаныштымын және «Jenys» клубыма ризашылығымды білдіремін», – деді Әбиба Әбужақынова.

Дзюдошы бірінші рет көлік сыйға тартылып отырған жоқ. Бұдан бұрын спортшы Әбиба Абужақынова Мәжіліс депутаты  Айдарбек Ходжаназаровтың қолынан Kia Ceed автокөлігінің кілтін алған еді. Ал Атырау облысындағы бір жергілікті кәсіпкерлер Zeekr электромобилін сыйлаған-ды. BMW X3 тарту етілген үшінші көлік болды. Енді Lexus көлігі бұйырып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз