Ливия жағалауында жарылған танкерге қатысты министрлік пікір білдірді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: Depositphotos.com

Ливия жағалауында жарылған танкерге қатысты министрлік пікір білдірді. Ведомство танкерде қазақ мұнайы болмаған, ал танкер жекеменшік деп отыр.

«Ақпарат құралдарында «Ливия жағалауында жарылған танкер Қазақстан мұнайын тасымалдауы мүмкін» деген ақпарат тарап жатыр. Оқиға жекеменшік танкермен байланысты. Нақты ақпаратқа сүйенсек, соңғы жүк Ливия портында тиелген. «Танкерде Қазақстан мұнайы болған» деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – деп жазылған энергетика министрлігі таратқан хабарламада.

Еске салайық, Ливия маңында 1 млн баррель мұнай тиеген танкер жарылғанын хабарлаған еді. Қазір танкерді Грекия жағалауына жеткізді, әзірге қанша мұнай төгілгені белгісіз.

Апатқа ұшыраған Vilamoura танкері осы жылы сәуірде Ресейдің Усть-Луга портына кіріп, қазақ мұнайын тиеген. Ал мамырда кеме Каспий құбыр желісі консорциумының терминалына тоқтап, Новороссийск портынан да оған қазақ мұнайы артқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз