Қостанай облысында әскерге заңсыз шақырғаны үшін әскери айыппұл арқалады

Қостанай облысы, Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы 70 мың теңгеге жуық айыппұл төлеуге міндеттелді.
Қостанай қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысына қатысты іс қаралды.
Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 26 сәуірде бөлім басшысы заң талаптарын бұзып, бір азаматты қала деңгейіндегі міндетті медициналық комиссиядан өткізбей, мерзімді әскери қызметке жөнелткен. Азамат кейін облыстық жинақтау пунктіне жеткізіліп, келесі күні медициналық тексеруден өтіп, әскери қызметке жарамды деп танылған. Алайда, бұл тексеру Лисаков қаласындағы комиссиядан тыс жүргізілген, ал заң бойынша алдымен жергілікті деңгейде медициналық комиссиядан өту міндетті.
Сот Қылмыстық кодекстің 651-бабы – «Азаматтарды мерзімді әскери қызметке заңсыз шақыру» бойынша істі қарап, бөлім басшысының әрекетін заңсыз деп таныды. Іс материалдарында жеңілдететін не ауырлататын мән-жайлар болмағандықтан, судья оған 66 844 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанайда колледж студенттерін емтиханнан бірден военкоматқа алып кетіп жатқаны туралы жазған едік.