Қазақстанға 2029 жылға дейін 150 мың шетелдік студент келмек

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстан билігі елге төрт жылға дейін 150 мың шетелдік студент тартуды көздеп отыр / фото: shutterstock
Қазақстан билігі елге төрт жылға дейін 150 мың шетелдік студент тартуды көздеп отыр / фото: shutterstock

150 мың шетелдік студент 2029 жылға дейін Қазақстанда білім алуы мүмкін. Бұл қазіргі көрсеткіштен бес есе көп.

Еuronews ақпаратына қарағанда, Қазақстан алдына аймақтық білім беру хабына айналуды мақсат етіп қойған.

Орталық Азиядағы білім сұранысы

Шетелдік студенттерді тарту үшін жаһандық университеттермен серіктестік орнатып, ИИ мен инновацияларды қолданып жатыр.

Қазақстан жоғары білімге деген сұранысты өтеуді мақсат етеді. Оның үстіне, Орталық Азия мен Еуразиядағы жастар санының артып келеді.

Қазақстан билігі осыны пайдаланып, елге төрт жылға дейін 150 мың шетелдік студент тартуды көздеп отыр.

Қай елдерден студенттер келеді?

Қазірдің өзінде шетелдік студенттердің басым бөлігі Үндістаннан келіп оқуда. Олар негізінен медицина мамандықтарын таңдайды. Сонымен қатар, Қытай, Ресей, Пәкістан, Түркия, Германия және АҚШ елдерінен келген студенттер де бар.

Шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктесіп, Қазақстандағы кампустарын ашып жатыр. Сондай-ақ бірлескен зерттеу орталықтарын іске қосу үстінде. Әсіресе, стратегиялық маңызды минералдарды зерттеу саласына басымдық берілген.

Қандай бағыттар дамып жатыр?

Қазақстан үкіметі жасанды интеллект (AI) бағытындағы студенттік стартаптарды қолдайды. Бұл қолдау ерте оқытудан бастап, стартапты инкубациялау мен акселерация кезеңіне дейін қамтиды. Жаңа білім беру бағдарламалары жасанды интеллект, deep tech және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталып отыр.

Мұның алдында Алматыда британиялық университеттің инженерлік кампусы ашылатыны белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз