Халықаралық іздеуде жүрген алаяқ Грузияда ұсталды

Аса ірі көлемде аялақтық жасап, шетелге қашып кеткен қазақстандық Грузияда ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ІІМ мәліметінше, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Интерпол Ұлттық орталық бюросы Грузияға сұрау салған. Осының нәтижесінде аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматын қолға түсірген.
Күдікті 2022 жылы танысын алдап, шамамен 13 миллион теңге көлемінде автонесие рәсімдеуге көндірген. Кейін сол қаражатқа өзіне көлік сатып алған. Алайда несиенің ақшасын төлемей қойған. Өз міндеттемелерін орындаудан бас тартып, шетелге қашып кеткен.
Еске сала кетсек, осыған дейін Бас прокуратура таныстарын 63 млн теңгеге алдып кеткен алаяқтың Ресейден экстрадицияланғанын хабарлаған болатын. Жақында Ресейден тағы бір күдікті қайтарылды. Бас прокуратура 31 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінген банк менеджерін экстрадицияланғанын хабарлады.