Антикор уақытша бұрынғы режимде жұмыс істей береді
Жарияланды

Антикор әзірге бұрынғы режимде жұмыс істейтін береді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
Айта кетейік, 2025 жылдың 30 маусымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрамына кірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы қаулыға қол қойды.
Осылайша агенттік Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылу арқылы қайта ұйымдастырылды. Жаңа ведомство ретінде «ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі» құрылды.
«Комитет бірқатар ұйымдастырушылық, басқарушылық және практикалық іс-шараларды жүзеге асырып жатыр. Құқықтар мен міндеттемелерге қатысты рәсімдері аяқталғанға дейін қайта ұйымдастырылған ведомство бұрынғы режимде жұмыс істейді», – делінген ақпаратта.