АҚШ Украинаға қару жеткізуді уақытша тоқтатты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
АҚШ Украинаға қару жеткізуді уақытша тоқтатты / фото: GETTY IMAGES

АҚШ билігі Украинаға қару жеткізуді уақытша тоқтатқанын хабарлады. Бұл шешім Пентагонның қару-жарақ қоры тым азайып кеткеніне байланысты қабылданған. Батыс журналистерінің мәліметінше, енді Киевке кейбір зениттік зымырандар мен жоғары дәлдіктегі оқ-дәрілерді жеткізу уақытша тоқтатылады.

Politico басылымы хабарлауынша, бұл шешім АҚШ Қорғаныс министрлігінің саяси бөлімінің басшысы Элбридж Колбидің бастамасымен, қоймадағы бар қару қорын тексергеннен кейін қабылданған. Кейінірек Ақ үйдің баспасөз хатшысының орынбасары Анна Келли бұл ақпаратты AFP агенттігіне жолдаған ресми хатында растады.

«Бұл шешім Америка мүддесін бірінші орынға қою үшін қабылданды. Қорғаныс министрлігі басқа елдерге көрсетілетін әскери көмекті қайта қарап, ішкі қорымыздың жағдайына баға берді», – деді Келли.

Саяси саммит кезінде BBC-дің украин қызметінің журналисі Мирослава Пеца АҚШ президенті Дональд Трамптан Украинаға Patriot зымырандарын қосымша сату мүмкіндігін сұрады. Бұған жауап ретінде Трамп былай деді:

«Украина Patriot-қа қарсы зымырандарын алғысы келеді. Біз бұл мүмкіндікті қараймыз. Олар оңай табыла қоймайды. Бізге де қажет. Біз оларды Израильге де жіберіп жатырмыз.

Маусым айының соңында Ресей соғыс басталғалы бері Украинаға ең ірі шабуылдардың бірін жасап, 500-ден астам түрлі қару түрін, соның ішінде дрон, баллистикалық және қанатты зымырандарды қолданды.

Еске сала кетейік, биыл қаңтарда Ақ үйге Дональд Трамп қайта келгеннен кейін, АҚШ Украинаға әскери көмекті уақытша тоқтатқан болатын. Кейін Вашингтон Украинаға әскери көмек беруді де, барлау деректерін бөлісуді де тоқтатты. Бұған Ақ үйде өткен Трамп пен Зеленский арасындағы ашық келіспеушілік себеп болған.

Сондай-ақ оқыңыз