Bentley жаңа логотипін таныстырды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Bentley жаңа логотипін таныстырды
Bentley жаңа логотипін таныстырды / фото: bentleymotors.com

106 жылдық тарихы бар әйгілі британдық Bentley автокөлік бренді өзінің жаңа логотипін таныстырды. Бұл – компанияның бесінші эмблемалық жаңартуы.

Жаңа логотип Bentley интерьер дизайнері Янг Намның қолынан шыққан. Қырлы сағат әйнектерінен және металдың жылтырақ өңдеуінен шабыт алып, белгіге жедел әрі заманауи көрініс сыйлаған. Эмблема бұрынғысынан айқын әрі люкс сегментіне тән нақышты көрсетеді.

Бұл жаңалық Bуntley-дің болашақ дизайнын көрсететін жаңа концепт-кардың премьерасымен тұспа-тұс келіп отыр. Компания жаңа логотип арқылы брендтің эволюциясын, заманауи эстетика мен техникалық шеберлікті айқын жеткізгісі келеді.

Bentley логотипінің даму кезеңдері:

  • 1919 жыл – алғашқы эмблеманы брендтің негізін қалаушы Уолтер Оуэн Бентлидің досы Фрэнсис Гордон Кросби сызды.
  • 1931 жыл – Bеntley-ді Rolls-Royce компаниясы сатып алғаннан кейін логотиптің шрифті мен пішіні өзгеріп, «B» әрпі симметриялы және ықшам сипатқа ие болды.
  • 1996 және 2002 жылдары – бренд Volkswagen құрамына кіріп, сол кездері Bentley Continental GT моделі жарыққа шықты. Осы жылдары эмблемаға заманауи штрихтар енгізілді.

Bеntley логотипінің жаңа нұсқасы – брендтің өткенін құрметтей отырып, болашаққа бағытталған сенімді қадамы. Бұл өзгеріс Bеntley-дің премиум автокөліктер әлеміндегі орнын одан әрі нығайтпақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Bentley өзінің ең қуатты жаңа кроссоверін таныстырған еді.

Сондай-ақ оқыңыз