2025 жылы Астана күні қалай тойланады

Жарияланды
Астана күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?/Фото: shutterstock

6 шілде — Астана күні. 2025 жылы бұл мереке ұзағырақ тойланады. Олай дейтініміз, қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады. Оған қоса, бас қала күніне орай мәдени бағдарламаның да неше түрі жоспарланып отыр. Жаңа қоғамдық орындардың ашылуы да мерекеге орайластырылған.

Мерекенің шығу тарихы

Астана күні ресми түрде 6 шілде күні тойланады. Олай болса, бұл мерекенің тарихына аз-кем тоқтала кетсек.

Бас қаланың Алматыдан орталыққа көшірілуіне не себеп болды?

90-жылдардың басында, Қазақстан тәуелсіздік алған кезде ресми астанамыз Алматы болған екен. Дегенмен уақыт өте келе әкімшілік орталықты ауыстыру керек деген шешім шығарылады. Оған мына нәрселер себеп болған:

  • Географиялық тұрғыдан алып қарағанда Алматы елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Сондықтан бүкіл аймақты басқарып отыру қиын деген бірінші себеп айтылады.
  • Қала сейсмикалық қауіпті аймақта тұр. Оған қоса инфрақұрылымы да күрделі еді.
  • Содан Қазақстаның дәл орталығынан — барлық аймаққа жақын болатындай жаңа, заманауи астана соғу керек деген шешімге келеді.

Осылайша Ақмола астана болды

1994 жылдың 6 шілдесінде Қазақстан Жоғарғы Соты ел астанасын Ақмолаға көшіру туралы тарихи шешім қабылдайды.

Үш жыл бойы көшуге ұлы дайындық жүреді: құрылыс бар, ғимараттарды жаңартады, үкімет ұйымдарын көшіреді. Сөйтіп 1997 жылдың 10 желтоқсанында Ақмола ресми түрде Қазақстанның жаңа астанасы деген статусқа ие болады.

Елорда атауы алғаш рет қашан өзгерді?

1998 жылы Ақмола деген атау Астана болып өзгереді. 1999 жылы ЮНЕСКО осынша қысқа мерзім ішінде трансформация жасалғанына таңғалып, жаңа астанаға «әлем қаласы» деген атақ береді. 2000-жылдардың басынан бері Астана Қазақстанның визит картасына айнала бастайды. Сәулеті көз сүріндіретін ғимараттар бірінен соң бірі бой көтеріп, халықаралық саммиттер мен мәдени іс-шаралар өтетін орталыққа айналады.

Астана күні қашаннан бері тойланып келеді?

2008 жылы президент жарлығымен 6 шілде — Астана күні деп ресми бекітілді. Бұл — мемлекеттің мерекелердің ішіндегі ең «жас мерекелердің» қатарында десек болады.

Неге тап осы күн таңдалды:

  • 1994 жылдың 6 шілдесінде астананы көшіру туралы шешім қабылданды.
  • Бірақ басты себеп ретінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні де дәл осы 6 шілдеде болғандықтан деп айтылады. Мереке бекітілген алғашқы жылдары Астана күні мен Назарбаевтың жеке басы қатар айтылатын. Тіпті ел ішінде бейресми түрде «Елбасы күні» деген атау да берілген. Әлі күнге дейін Астана күніне қатысты екіжақты пікір бар.

Бірінші президент биліктен кеткен соң, Астана күні ауыса ма деген сұрақ та көп қойылды. Өйткені 2019 жылы Астана атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерген еді. Бірақ 2022 жылы бұрынғы атауы қайтарылды. Сол секілді бас қала күні де өзгере ме деген болатын.

2025 жылғы мереке және демалыс күндері

  • 6 шілде (жексенбі) — Астана күні деп бекітілген ресми мереке.
  • Заң бойынша, мереке күні демалысқа тап келгендіктен, дүйсенбіге ауысады. Осылайша қазақстандықтан 5 шілдеден бастап 7 шілдеге дейін ұзағынан демалады.

Басты іс-шаралар

Мәдени фестивальдер мен концерттер (5–6 шілде)

  • «Құралай» IV қуыршақ театрларының халықаралық фестивалі: 30 маусымда басталғаныме, 4 шілдеге дейін жалғасады. Мұнда Англия, Қытац, Түркия, Грузия, Испания және басқа да елдерден келген театрлар қатысып жатыр.
  • «Асыл мұра» концерті: 4 шілде күні Бейбітшілік және келісім сарайында дәстүрлі әндер кеші өтеді.
  • JazzVIBE концерті: 3 шілдеде Есілдің жағасындағы Амфитеатр сахнасында «Астана» эстрадалық-симфониялық оркесті, «Жігер» ансамблі мен қазақ эстрадасы жұлдыздары концерт қояды.
  • «Астана — арман қала» концерті: 5-6 шілдеде астаналықтар мерекелік концерт тамашалайды. Оған қоса ашық аспан астында көше қойылымдарының фестивалі өтеді.
  • Jastar Energy концерті және «Астана-Аренада» өтетін Open Air концерт: 6 шілде күні Астана аудандарындағы 15 тұрғын-үй кешенінде түрлі концерт ұйымдастырылады. Оған қоса жастарға арналған Jastar Energy кеші мен «Астана-Аренадағы» ашық аспан астындағы концертті тамашалауға болады.  
  • Амфитеатрдағы концерт: 7 шілдеде Домбыра күніне орай 400 мектеп оқушы мен эстрадалық-симфониялық оркестрдің қатысуымен үлкен концерт өтеді.

Спорттық іс-шаралар

  • «Толағай»: «Қазанат» ипподромында батырлар ойыны өтеді.
  • «Елорда кубогы» ат жарысы
  • Спорттық турнирлер:  тоғызқұмалақ пен шахматтан турнирлер (2–3 шілдеде) өтеді. Бокстан Әлем кубогы басталып жатыр. Финалы — 6 шілдеде.

Жаңадан ашылатын орындар

  • Коммуналдық қызметкерлер саябағы
  • Ахмет Жұбанов атындағы саябақ
  • Тұрғын-үй кешендерінде 36 жаңа алаңқай мен 2 қоғамдық кеңістік ашылады
Сондай-ақ оқыңыз