Өзбек банкирі Кахрамонжон Олимовті Парижде ұрлап кетіп, 5 млн доллар талап еткен  

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Өзбек банкирі қарақшыларға 5 млн доллар төлеп құтылған / фото: linkedin
Өзбек банкирі қарақшыларға 5 млн доллар төлеп құтылған / фото: linkedin

Өзбек банкирі, Anorbank иесі Кахрамонжон Олимовті Парижде ұрлап кетті. Қарақшылар босату үшін 5 млн доллар талап еткен.

Курсивтің өзбек редакциясының ақпаратынша, Олимов Парижге іскерлік кездесуге барған.

Қаланың орталық көшелердің бірінде белгісіз адамдар оны  ұстап әкетіп, Ниццадағы бір вилланың жертөлесіне апарыпты. «Өлтіреміз» деп қорқытып, бірнеше сағат бойы ұрып-соққан.

«Өлтіреміз» деп қорқытқан

Куәгерлердің айтуынша, қылмыскерлердің бірі орыс тілінде шешен акцентімен сөйлеген көрінеді. Олар Олимовтан 10 млн доллар қарызды қайтаруды талап еткен. Адам ұрлаушылар Еуропадағы инвестициялары мен Anorbank-тің ішкі жағдайынан жақсы хабардар екен.

Делдалға 200 мың доллар

Азаптаудан кейін Олимов психологиялық және физикалық күйзеліске түскен. Қылмыскерлер оны Bitcoin арқылы ақша аударуға мәжбүрлеген. Өзбек банкирі 5 млн АҚШ доллар төлеп құтылған. Ташкенттегі делдалға 200 мың доллар аванс аударған.

Ташкентке оралған

Ол бостандыққа щыққан соң Парижге келіп, полицияға арызданған. Олимов Ташкентке қайтып оралып, қауіпсіздігін күшейтіп, жеке күзетшілер жалдаған.

Мұның алдында Өзбекстан инвесторларға бірегей мүмкіндік ұсынып отырғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз