Қазақстан Қытай мен ТМД елдеріне 4,6 мың тонна балмұздақ сатқан

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
балмұздақ
Қазақстан Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2025 жылғы қаңтар–сәуір айларында Қазақстаннан балмұздақ экспорты 41,6%-ға артып, 4,3 мың тоннаны құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Экспорттың негізгі бағыттары ТМД елдері мен Қытай болып отыр.

Осы кезеңде Қазақстанға 3 мың тонна балмұздақ импортталған. Импорттық өнімнің үлесі жалпы нарықта 15,4%-ды құрады.

Балмұздақ ең көп импортталған үш ел:

  • Ресей – 1,5 мың тонна,
  • Қырғызстан – 1 мың тонна,
  • Түркия – 0,3 мың тонна.

Сонымен қатар, балмұздақ Өзбекстан, Швейцария, Беларусь пен Италиядан да келген.

2025 жылғы қаңтар–мамыр аралығында ел ішінде 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17,1%-ға көп.

Сондай-ақ оқыңыз