«Ыстықтың өтуі күн өтуімен бірдей емес». Одан қалай қорғануға болады

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің тілшісі
«Ыстықтың өтуі күннің өтуімен бірдей емес». Одан қалай қорғануға болады / Фото: KursivMedia архиві

Денсаулық сақтау министрлігі жазда ыстықтан сақтану жолдары туралы ақпараттық жаднама жариялады.

Министрлік ыстықтың өтуі күн өтуімен бірдей емес екенін айтады. Соңғысында күн сәулесінің басқа теріс әсер етуі нәтижесінде ми мен тамырлардың қызуы байқалады. Ыстық өтіп кетуі, әсіресе, балаларда, қарттарда және сыртта көп уақыт өткізетіндерде кенеттен пайда болып, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

«Ыстық өту» дегеніміз не

Ыстық өту белгілері:

– ⁠жалпы әлсіздік, жағдайдың күрт нашарлауы;
– бас айналу, көз алдындағы «қалқымалы» сурет сезімі;
– жүрек айнуы, құсу;
– дене температурасының жоғары мәнге дейін көтерілуі (көбінесе 39°C-тан жоғары);
– шатасу, естен тану жағдайлары;
– бұлшықеттің құрысуы;
– ауыр жағдайларда – сананың жоғалуы, тырысу синдромның өршуі, кома.

Егер зардап шегушіге уақтылы білікті көмек көрсетілмесе, ыстықтың өтуі ауыр асқынуға, соның ішінде ішкі ағзалардың зақымдалуына, орталық нерв жүйесіндегі қайтымсыз өзгерістерге, тіпті өлімге әкеп соғуы мүмкін.

Ыстықтан қалай қорғануға болады

Министрлік ыстық өткізбеу үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұстануға шақырады:

  • Күн түсетін жерде көп болмаңыз: 11.00-ден 17.00-ге дейін сыртқа шықпауға тырысыңыз – бұл ең ыстық уақыт.
  • Егер бәрібір шығу керек болса, көлеңкеде болуға тырысыңыз, ашық түсті табиғи маталардан жасалған киім киіңіз.
  • Үй-жайдан тек бас киіммен шығу керек.

Дұрыс су ішу режимін сақтау маңызды:

  • көп, ретсіз су ішу шөлді баспайды, тіпті жүректі ауырлатады. Судың орнына қышқыл немесе тәтті шай, квас, шырындар, жеміс сусындары, компот ішкен дұрыс;
  • алкоголден, қантты және газдалған сусындардан аулақ болыңыз – олар денені сусыздандырады.

Денені салқындатыңыз

Үйде желдеткіштерді, кондиционерлерді қолдана аласыз, салқын душ қабылдауға болады. Ылғал сүлгімен сүрту, мойынға, білекке және маңдайға компрестер де көмектеседі.

Рационды қайта қарастырыңыз

Жазда ауыр, майлы және ащы тағамдардан бас тартқан дұрыс. Көкөністерге, жемістерге, салқын сорпаларға және ашытылған сүт өнімдеріне басымдық беріңіз.

Балалар мен қарттарға қамқорлық жасаңыз

Балалар мен қарттарды жабық көліктерде немесе ыстық үй-жайларда қалдырмаңыз.

Оларға жиі су ұсыныңыз және олардың жағайын бақылаңыз. Балалардың бас киім кигеніне көз жеткізіңіз. Күннің ыстық кезеңінде балаларды серуендеуге шығармаған жөн.

Физикалық белсенділікті таңертең немесе кешке жоспарлаңыз

Ыстықтағы физикалық белсенділік – дененің қызып кетуінің тікелей жолы. Жаттығуды салқындаған уақытта жасаған дұрыс немесе олардың ұзақтығын қысқартқан жөн.

Косметика мен кремдердің көп мөлшерін қолдануға болмайды, өйткені олар терінің қалыпты жұмысына кедергі келтіреді.

Бұған дейін, жаздың аптап ыстығында саяхаттап бармай-ақ қойған дұрыс болатын елдер туралы жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз