Прокуратура халықты криптонарыққа тартатын коучтар мен блогерлердің қызметін шектейді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Криптонарыққа үгіттейтін блогерлерді прокуратура қадағалайды
Прокуратура халықты криптонарыққа тартатын коучтар мен блогерлердің қызметін қадағалайды / Фото: kursiv.media архив

Прокуратутар халықты криптонарыққа ақша салуға үгіттейтін коучтар мен блогерлердің қызметін шектейді. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында жазылған.

Бас прокурор соңғы кездері азаматтарды күмәнді криптонарығына тартатын блогерлер мен коучтар көбейгенін, құзырлы органның олардың жұмысын шектеу бойынша тиісті шаралар әзірлеп жатқанын айтқан.

«Криптовалюта инвестицияларының белсенді таратылуы жəне нарықта жүйелі ағарту жұмыстарының болмауы жағдайында өздерін крипто-коучтар мен блогерлердің агрессивті жалған ақпараттары кең таратылып жүр. Жағдайды талдай келе, аталған проблема тек Қазақстан үшін емес, көптеген шет мемлекеттер үшін де өзекті екені анықталды. Халықаралық тəжірибе мұндай көріністермен күресуге кешенді тəсіл мен тиімді қарсы іс-қимыл тетіктерін əзірлеу қажет екенін көрсетеді. Сондықтан коучтар мен блогерлердің қызметін шектеу бастамасы жалпы қолдауын тапты», – делінген жауапта.

Асыловтың айтуынша, қазіргі уақытта Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын реттеу жəне дамыту агенттігі (ҚНРДА) цифрлық активтер айналымын жүйелі реттеу үшін бірқатар заңнамалық шараларды əзірлеген.

Сондай шаралардың бірі – Ұлттық Банк лицензиялайтын криптовалюта айырбастау провайдерлері арқылы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымын кеңейтуге байланысты түзетулер блогының енгізілуі.

Бұдан бөлек, токендер түріндегі цифрлық қаржы активтерін айналымға салу бөлігіндегі заңнамалық өзгерістер «Банктер жəне банк қызметі туралы» жаңа заң жобасына енгізілген.

Осы мақсатта прокуратура лицензияланбаған, АХҚО тіркелмеген 1040-қа жуық цифрлық активтер қызметін көрсететін провайдерлердің тізбесін жіберген. Нəтижесінде 2025 жылғы 1 тоқсанда тізбе бойынша жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеге цифрлық активтер (криптобиржалар) қызметтерінің лицензияланбаған провайдерлері бойынша 15,8 мың операцияны жүзеге асырудан бас тартылған.

Сондай-ақ оқыңыз