Демалыс күндері кей өңірлерде 45-46 градусқа дейін ыстық болады

Қазгидромет демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, елдің бір бөлігінде нөсер күтіліп отырса, бір бөлігінде аптап ыстық болжанады.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның көп бөлігінде найзағайлы жаңбыр күтіліп отыр. 5 шілдеде республиканың солтүстігінде, 5-6 шілдеде шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болжанады. Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
5 шілдеде елдің шығысында күндіз өте қатты ыстық – 40-42°С, оңтүстігінде – 45-46°С, оңтүстік-шығысында – 40-45°С болады деп күтіледі. Қалған өңірлерде ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі болжанбайды.
Бұған дейін, Денсаулық сақтау министрлігі жазда ыстықтан сақтану жолдары туралы ақпараттық жаднама жариялаған. Мамандардың сөзінше, ыстықтың өтуі күн өтуімен бірдей емес.