Төреғали сахнадан кетпейді: әнші продюсер Жан Мұқановпен келісімшартқа отырды
Жарияланды

Төреғали Төреәлі сахнадан кетпейтін болды. Бұл туралы өзінің әлеуметтік парақшасында продюсер Жан Мұқанов жазды.
«Бүгін біз алғаш рет ресми келісімшартқа қол қойдық. Қатаң. Ақиқатты. Жауапкершілігі бар. Өйткені біз енді бала емеспіз. Енді бәрі – үлкендердің ойыны. Мен енді ресми түрде Төреғалидің продюсерімін. Жай ғана атақ емес – бұл үлкен жауапкершілік. Мен бұл жауапкершілікті қуана қабылдаймын. Себебі мен бұл жігіттің өнеріне, жүрегіне, болашағына сенемін», – деп жазған продюсер.
Еске сала кетсек, 28 маусым күні өзінің инста парақшасында сахнадан кететінін меңзеп, жазба қалдырды.
Артынша әкесі, ұлынан сахнадан кетпеуін сұрады.