Майғазиев ізімен: Қайрат Нұртас концертінің тікелей эфирін 990 теңгеге сата бастады

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Қайрат Нұртас Ресей қалаларында концерт береді
Қайрат Нұртас концертін тікелей эфирде көрсетеді / Фото: kursiv.media

Қайрат Нұртас концертін тікелей эфирде көрсетеді. Концертті онлайн тамашалғысы келетіндер 990 теңге төлеуі керек. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік парақшасында хабарлады.

«Құрметті тыңдармандарым, сіздердің сұрауларыңыз бойынша концертімді телегарм каналым арқылы тікелей көрсетілім жасаймыз деп шештік. Бағасы 990 теңге», – деді әнші.

Осыған дейін Қайрат Нұртас концертін тікелей эфирде өткізу туралы шешімді көрермендер қабылдайтынын хабарлаған болатын.

Айта кетейік, тікелей эфир көрсетілімін саудалауды алғаш болып әнші Сәкен Майғазиев бастады. Артистің ұлы Әділет пен келіні Әдияның тойының көрсетілімін 1380 теңгеге сатты. Тойды 6000 адам тамашалады.

Сондай-ақ оқыңыз