Тоқаев ҰҚК-ге біріктірілген Антикор басшысын тағайындады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Тоқаев ҰҚК-ге біріктірілген Антикор басшысын тағайындады/Фото: Ақорда сайты

Президент Қ.Тоқаев жуырда ғана Ұлттық қауіпсіз комитетінің құрамына қосылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директорын тағайындады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Маратұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда таратқан ақпаратта.

Қ.Тоқаев 30 маусым күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кіргізу туралы жарлыққа қол қойған. Осылайша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі құрылған.

Сондай-ақ оқыңыз